Ақмола облысында "Қазгидромет" қызметі жоғалып кеткен
Бір айға жуық іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақмола облысында «Қазгидромет» мекемесінің жоғалып кеткен қызметкерін бір айға жуық іздестіру жұмыстары әзірге ешқандай нәтиже берген жоқ, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қолда бар ақпарат бойынша, 60 жастағы ер адам Колутон ауылының маңындағы гидробекетте су деңгейін өлшеумен айналысқан. Ол 5 сәуір күні таңғы сағат 05:30 шамасында жұмысқа шығып кеткен, содан бері оның қайда екені белгісіз, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.
Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, іздестіру жұмыстарына екі сүңгуірлер тобы жұмылдырылды. Олар осы уақыт ішінде Колутон өзенінің арнасы мен оған іргелес аумақтарды толық тексеріп шықты.
Сонымен қатар, іздестіру шараларын полиция қызметкерлері де жүргізіп жатыр. Полиция департаменті адамның хабар-ошарсыз жоғалып кетуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын нақтылады.