сәрсенбі, 29 сәуір, 2026 16:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда мұғалімдерден оқушыларға жауапкершіліктің бір бөлігі алып тасталады

Қазақстанда мұғалімдерден оқушыларға жауапкершіліктің бір бөлігі алып тасталады
Magnific.com
Қазақстанда педагогтердің оқушылар үшін жауапкершілігі заң жүзінде тек оқу процесі кезінде бекітіледі. Сабақтан тыс уақытта төтенше жағдай болса, балалар үшін олардың ата-анасы немесе қамқоршылары жауап береді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда педагогтердің оқушылар үшін жауапкершілігі заң жүзінде тек оқу процесі кезінде бекітіледі. Сабақтан тыс уақытта төтенше жағдай болса, балалар үшін олардың ата-анасы немесе қамқоршылары жауап береді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері туралы заң жобасын таныстыру барысында депутат Асхат Аймағамбетов мұғалімдер мен мектеп директорлары оқу процесінен тыс уақытта балалар үшін жауап бермеуі тиіс екенін ашық айтты.

"Былтыр елімізде резонанс тудырған бірнеше жағдай болды. Жазда кешкі уақытта немесе демалыс күндері оқушылар құқықбұзушылық жасаған немесе келеңсіз оқиғаларға тап болған. Ол кезде жандарында мұғалімдер болған жоқ. Олар демалыста, үйлерінде болды. Өйткені, бұл каникул, кешкі уақыт болды, жұмыс уақытынан тыс уақыт еді. Бірақ соған қарамастан, мектеп директорлары мен мұғалімдер жазаланды, тіпті жұмыстан шығаруға дейін барды. Бұл әділетсіздік. Біз енді заңға нақты норма енгіземіз. Педагог балалардың өмірі мен денсаулығы үшін тек оқу-тәрбие процесі кезінде және тек өзінің лауазымдық міндеттері аясында ғана жауапты болу керек. Жазғы демалыс - ата-ананың жауапкершілігі. Түнгі уақыт - ол да ата-ананың жауапкершілігі. Демалыс күндері - ата-ананың жауапкершілігі", - деді Асхат Аймағамбетов.

Депутат "педагогтерімізді қорғауға" шақырып, заңда бұл мәселеге қатысты екіұдай түсінік болмауы тиіс екенін атап өтті.

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова да осыған ұқсас пікір білдірді. Ол мұғалім "өзі объективті түрде әсер ете алмайтын нәрселер үшін жауап бермеуі тиіс" деп есептейді.

"Педагогтің білім алушы үшін тек оқу уақытында жауапты болу нормасы - бұл қағидалы түрдегі маңызды норма. Сабақтан тыс уақытта бала үшін жауапкершілік тек оның ата-анасында болуы тиіс. Педагогтің негізгі миссиясы - өз пәнін, білім алу тәсілдерін үйрету және өзінің заманауи білімге ие болуы", - деді Смирнова.

Еске сала кетейік, осы заң жобасы мектептерде смартфон қолдану мәселесін де реттейді. Депутаттар барлық оқу орындары үшін бірыңғай ереже орнатуды, ал мобильді құрылғыларды қолдану туралы шешім қабылдау құзыретін Оқу-ағарту министрлігіне беруді ұсынды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар