Астанаға Чех Республикасының Премьер-министрі келді
Ақордада Андрей Бабишті қарсы алу рәсімі өтті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Ақордада елімізге ресми сапармен келген Чех Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабишті қарсы алу рәсімі өтті», — делінген хабарламада.