Астанада тұрғын үйдің бірінен өрт шықты
Сондай-ақ кіреберісті түтін басқан.
Астанадағы Сарайшық ауданында орналасқан Қ.Әзербаев көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйде өрт шықты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде 7-қабаттағы пәтерден өрт анықталған. Сондай-ақ кіреберісті түтін басқан.
Сонымен қатар оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіру бірнеше учаскеге бөлініп ұйымдастырылған. Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.