Жайдарманшы Түркістан күрес федерациясының вице-президенті болды
- авторОймақ
- Бүгін, 16:25
- 20
Ақпаратты әзілкештің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесі мұны өзі үшін үлкен жауапкершілік әрі сенім деп атады. Ол сондай-ақ көрсетілген қолдау үшін Түркістан облысы күрес федерациясына және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс білдірді.
Оның айтуынша, келер уақытта күрес спортын кеңінен насихаттап, оның қоғамдағы беделі мен имиджін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізу көзделіп отыр. Сондай-ақ медиа саласын жаңа деңгейге көтеріп, ұлттық спорттың ақпараттық әлеуетін күшейту басты міндеттердің бірі болмақ.
“Басты мақсат – ұлттық спорттың беделін көтеріп, жас буынға мотивация беру. Алда үлкен жұмыстар бар. Бірге дамимыз!” – деп жазды ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Блогер марқұм Мұхтар Шахановтың немерелерімен кездескенін желіде жариялады
- авторОймақ
- 23 сәуір, 2026





