Әлеумет

1 шілдеден бастап төмен пайыздық мөлшерлемемен ипотека алуға болады

Қазір ипотекалық несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлеме жылдық 25% деңгейінде.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ипотекаға бастапқы жарна ретінде 30%-дан көп төлеген қазақстандықтар 1 шілдеден бастап төменірек мөлшерлеме алатынын мәлімдеді. Ең жоғары мөлшерлеме 20%-ға дейін болады. 

Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі оны 20%-ға дейін төмендетуге бірнеше рет тырысқан.

"Біз банктермен және агенттікпен жұмысты жалғастырып жатырмыз. Өйткені бұл тек Ұлттық банктің шешімі емес. 1 шілдеден бастап екі мөлшерлеме болады: 25% және 20%. Қарапайым түрде айтсақ: егер бастапқы жарна 30%-дан асса, ең жоғары мөлшерлеме 20% болады. Ал егер 30%-дан аз болса, мөлшерлеме 25%-дан аспауы тиіс", – деді.

Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша техникалық жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Сүлейменов мамыр айында тиісті шешімнің жобасы жарияланатынын хабарлады.