Әлеумет

Атыраудағы қанды қылмыс: қосымша деректер пайда болды

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Атырау облысында бір отбасының қаза табуына қатысты іс бойынша қосымша деректер жарияланды. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады, деп жазады Oimaqnews.kz  Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Облыстық прокуратура өкілінің мәліметінше, тергеу барысында күдіктіге қатысты бірқатар маңызды жайттар анықталған. Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбектің айтуынша, күдіктіге сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп, оның ақыл-есі дұрыс екені және өз әрекеттеріне толық жауап бере алатыны белгілі болған.

Сондай-ақ тергеу барысында отбасы мүшелерінің әртүрлі уақытта қаза тапқаны анықталған: Наурыз есімді азамат мамыр айында, ал қалғандары қараша айында өлтірілген.

Прокуратура мәліметінше, бұл қылмыста сыртқы күштердің немесе өзге адамдардың қатысы анықталмаған.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.