Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі төрт айға жабылады
Астанада «Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында көшелерді салу» жобасын іске асыру аясында 26 сәуір мен 1 қыркүйек аралығында Syganaq бизнес орталығы мен «Ишим» ТК арасындағы қозғалыс толықтай жабылатын болады, деп хабарлайды oimaqnews.kz.
Аталған кезеңде инженерлік желілерді жүргізе отырып, көше құрылысы жұмыстары орындалады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттағыштар орнатылады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, елордада Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылды.