Қоғам

Блогер Қайсар Қамза қашан елге экстрадицияланады

Бұл туралы СІМ пікір білдірді.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев блогер Қайсар Қамзаны Вьетнамнан елге экстрадициялау мерзіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Еске салсақ, 13 сәуір күні Интерпол арналары арқылы халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталған. Қазіргі уақытта ол әлі Қазақстанға жеткізілген жоқ.

Тергеу нұсқасына сәйкес, блогер заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген. 2,4 миллион оқырманы бар ол әлеуметтік желілерде онлайн-казиноға қатысты жарнамалық бейнематериалдар жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, осы қызметі арқылы Қайсар Қамза 100 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. Қаражат оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған.