сәрсенбі, 22 сәуір, 2026 12:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Азамат Сатыбалдыға шұғыл ота жасалды

Азамат Сатыбалдыға шұғыл ота жасалды
ашық дереккөз
Актер дәрігерлердің бақылауында, ем қабылдап жатыр.

Белгілі актер, Әуезов театрының әртісі Азамат Сатыбалды денсаулығының сыр беріп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Актердің айтуынша, 19-ы күні «Зүлейха» қойылымынан кейін түнде кенеттен денсаулығы сыр берген. Төрт сағат бойы ауырсынумен алысқан ол таңғы төртте жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған. Дәрігерлер тексерген бойда бірден ота жасау керектігін айтқан.

Тіпті, аурухана төсегінде жатса да, өнер иесі бірінші кезекте жұмысын ойлап, дәрігерлерді таңғалдырған:

«Әртіспісің дегендей, дәрігерге "спектаклім бар еді, ертең жасасаңыз болмай ма?" дедім. Ол болса: "Бұл не деген сұмдық! Қандай спектакль, тез арада ота жасау керек" деп басын ұстап таңғалды. Көнбеске амал қалмады. Жан тәтті ғой», - деп жазды Азамат Сатыбалды.

Актер отаның сәтті өткенін және қазір жағдайы жақсы екенін хабарлады. Ол өзіне дер кезінде көмек көрсеткен ақ халатты абзал жандарға алғысын жаудырды. Сондай-ақ, денсаулығына байланысты «Сұлтан Бейбарыс» спектакліне шыға алмай қалғаны үшін көрермендерінен кешірім сұрады.

Жазба соңында актер тағы бір өкінішін білдірді. Дәл осы уақытта ауруханаға түсіп қалуына байланысты ол қазақтың біртуар ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне қатыса алмаған.

«Бір әттеген-ай бар. Мұхтар ағамен қоштаса алмадым. Жақсы көретін ақыным, нар тұлғалы қоғам қайраткері еді. Алла алдынан жарылқасын», - деп ақынның қазасына қайғырып, көңіл айтты.

Қазіргі уақытта актер дәрігерлердің бақылауында, ем қабылдап жатыр. Көпшілік өнер иесіне ақ тілектерін жазып, тез сауығып кетуін тілеуде.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар