сәрсенбі, 22 сәуір, 2026 12:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қарағандыда көлік ұрлаған күдікті анықталды

Қарағандыда көлік ұрлаған күдікті анықталды
polisia.kz
Аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қарағандыда көлік ұрлаған күдікті бейнебақылау арқылы анықталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қаласында бейнебақылау жүйелерінің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде автокөлік ұрлығы дерегі қысқа мерзім ішінде ашылды. Қылмыс туралы хабар түскен бойда полиция қызметкерлері қалалық камера жазбаларын зерделеп, ұрланған көліктің қозғалыс бағытын анықтап, оның толық маршрутын қалпына келтірді.

Көліктің соңғы қозғалыс нүктесі Теміртау қаласына кіреберіс аумақтан тіркелді. Дәл осы жерде тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, автокөлікті тоқтатып, күдіктіні ұстады. Ол — облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны. Қазіргі таңда автокөлік заңды иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар