Қасым-Жомарт Тоқаев мен Ухнаагийн Хурэлсух шағын құрамда келіссөз жүргізді
Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ухнаагийн Хүрэлсүхті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Бұдан кейін Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізу үшін «Шығыс» залына барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухтың сапары екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.
Моңғолия Президенті елімізде дәстүрлі қонақжайлық танытып, құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаев пен қазақ халқына ризашылық білдірді.