Әлеумет

Астанада адам папиломасы вирусына қарсы вакцинация жүргізілуде

Еуропалық иммундау апталығы аясында Астанада халықты екпе жөнінде хабардар ету және оған сенімді нығайтуға бағытталған кең ауқымды іс-шаралар кешені жоспарланды. Соның бірі №2 қалалық емханада ұйымдастырылды.

Бүгін аталған емханада ата-аналарының рұқсатымен 11 жасқа толған қыз балаларға адам папиллома вирусына қарсы екпе салынды. 


Осы емхананың балалар гинекологы Наталья Мунько АПВ-ға қарсы вакцинацияның маңыздылығына тоқталды.


Балаларын екпеге әкелген ата-аналар да көпшілікті қыз баланың денсаулығын сақтау үшін аса қажетті екпені алуға шақырды. 

«Немереміздің денсаулығына өте алаңдағандықтан мен осы екпені алғанын қаладым. Себебі қазіргі уақытта түрлі қатерлі ісік кең тарауда. Батыс елдерінде бұл екпені жаппай алып жатыр, ал бізде оған әлі де сенімсіздікпен қарайды. Сол себепті мен барлық ата-ананы балалары үшін екпеден бас тартпай, салдыруға шақырамын. Өйткені бұл өте маңызды», - деді елордалық Гүлнар Баржақсынова. 
Айта кетейік, иммундау апталығында бұдан басқа қызылша, қызамық, паротитке қарсы екпе жүргізіліп жатыр.