Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында бүгін ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.
– Бұл бастама кітапханаларды тек оқу орны емес, заманауи мәдени-танымдық кеңістік ретінде дамытуға бағытталған. Акция аясында оқырмандар үшін жаңа форматтағы шаралар ұсынылып, кітап оқуға қызығушылықты арттыру көзделіп отыр, – делінген хабарламада.
Аймақтарда да түрлі форматтағы іс-шаралар өтеді. Алматыда «Айқас» зияткерлік ойыны ұйымдастырылса, Астанада «Кітапханадағы түнгі vibe» бағдарламасы өткізіледі. Батыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы бағдарлама ұсынылады.
Жамбыл облысында «Түнгі кітап әлеміне саяхат» атты танымдық іс-шара өтсе, Түркістан облысында ақын Асылзат Арыстанбек пен композитор Жанар Болатбекованың қатысуымен поэзия кеші жоспарланған.
Айта кетейік, Қазақстанда Кітапханашылар мен Ұлттық кітап күні 23 сәуірде бірге атап өтіледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





