Қазгидромет 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап Oimaqnews.kz.
Солтүстікте жел күшейіп, кей сәттерде екпіні секундына 30 метрден асуы мүмкін. Шығыста жауын-шашын күтілмейді, бірақ түнде үсік сақталады.
Қалалар бойынша ауа райы:
Астана – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 12-14 градус жылы.
Алматы – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 13-15 градус жылы.
Шымкент – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 17-19 градус жылы.
Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 18-20 градус жылы.
Қонаев – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, кей кезде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 13-15 градус жылы.
Талдықорған – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 12-14 градус жылы.
Қызылорда – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 16-18 градус жылы.
Тараз – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 15-17 градус жылы.
Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.
Атырау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 16-18 градус жылы.
Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 14-16 градус жылы.
Ақтөбе – аспан ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 14-16 градус жылы.
Қарағанды – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы.
Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы.
Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 15-17 градус жылы.
Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 14-16 градус жылы.
Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақытта 30 м/с-тен асады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 15-17 градус жылы.
Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.
Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы.
Өскемен – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





