жұма, 17 сәуір, 2026 21:57

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сарбаздарға смартфон алып келуге мүмкіндік берілді

Сарбаздарға смартфон алып келуге мүмкіндік берілді
ашық дереккөз
Әскери бөлім аумағына кірген кезде телефон міндетті түрде сөндірілген күйде болуы тиіс.

Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 30 наурыздағы жаңа бұйрығына сәйкес, мерзімді әскери қызметшілерге, курсанттар мен кадеттерге әскери бөлімге смартфон алып келуге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін сарбаздарға тек интернетсіз, камерасы жоқ қарапайым батырмалы телефондарды белгілі бір уақытта ғана қолдануға рұқсат етілетін. Ал енді жаңа ережеге сәйкес, әскерге баратын азаматтар өздерімен бірге смартфон ала алады.

Дегенмен, әскери бөлім аумағына кірген кезде телефон міндетті түрде сөндірілген күйде болуы тиіс.

Министрлік бұйрығында мобильді құрылғыларды тек жеке бос уақытта ғана пайдалануға болатыны нақты көрсетілген. Ал бұл уақыт әскери бөлімнің ішкі тәртібімен белгіленеді.

Құжатқа сәйкес, әскери қызметшілер ұялы телефондарын бөлімге дейін сөндірілген күйде алып кіріп, сол күйде алып шығуға құқылы. Ал оларды пайдалану тек арнайы белгіленген уақытпен шектеледі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар