жұма, 17 сәуір, 2026 11:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алидар Абдукаримов қола медаль алды

Алидар Абдукаримов қола медаль алды
Olympic.kz
Ташкентте әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстан таеквондо құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында тағы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Алидар Абдукаримов 68 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Спортшы жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде өзбекстандық Аюбхон Набиевке жол берді. Нәтижесінде қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, осы нәтижеден кейін ұлттық құраманың еншісіндегі жүлделер саны төртеуге жетті. Бұған дейін Айым Серікбаева (44 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алса, Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар