Жануарларға бөлінген бюджет қаржысын тексеруді талап етеміз – Мақсат Толықбай
- авторОймақ
- Бүгін, 14:30
- 56
Жақында Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер енгізу және қаңғыбас иттерді эвтаназиялау мәселесін көтерген болатын. Осыған байланысты депутат Мақсат Толықбай жануарларға бөлінетін бюджет қаржысын тексеруді талап етіп, бұралқы иттер мәселесінде адам қауіпсіздігі бірінші орында болуы керегін айтты, деп хабарлайды OIMAQNEWS.KZ turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Жануарларға бөлінген бюджет қаржысын тексеруді талап етеміз.
Иттерге аса қамқор белсенділер, бұралқы иттерді бағып-қағамыз десеңіздер, ешкім қарсы емес. Қаласаңыздар, өз қаржыңызға панажай салып, өмір бойы асырауыңызға болады. Қажет болса, біз иттерді үйлеріңізге дейін жеткізіп беруге дайынбыз.
Жануарларға жанашыр болу – адамгершілік. Ал адам өмірін қорғау – мемлекеттің тікелей міндеті. Көшеде, аулада жүрген балақайлардың өмірі мен қауіпсіздігі – бәрінен жоғары», - деді депутат.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





