Саясат

Қазақстанда "Әділет" атты жаңа саяси партия құрылмақ

«Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжехан бұл үдеріске қатысып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа саяси күш әділетті қоғам құруды мақсат етеді.

«Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжехан жаңа «Әділет» партиясын құру бастамашыларының бірі екенін хабарлады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында айтты.

Оның сөзінше, партияның басты мақсаты – тең мүмкіндікке негізделген әділетті қоғам қалыптастыру.

Кенжехан жаңа Конституция қабылданғаннан кейін ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл кезеңде азаматтардың жауапкершілігі арта түседі.

Ол «Әділет» партиясын өзгерісті қалайтын азаматтардың таңдауы деп атап, елді бірге дамытуға шақырды.