бейсенбі, 16 сәуір, 2026 2:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда "Әділет" атты жаңа саяси партия құрылмақ

Қазақстанда "Әділет" атты жаңа саяси партия құрылмақ
https://www.facebook.com/rauanga
«Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжехан бұл үдеріске қатысып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа саяси күш әділетті қоғам құруды мақсат етеді.

«Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжехан жаңа «Әділет» партиясын құру бастамашыларының бірі екенін хабарлады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында айтты.

Оның сөзінше, партияның басты мақсаты – тең мүмкіндікке негізделген әділетті қоғам қалыптастыру.

«Біздің мақсатымыз – әділетті және баршаға тең мүмкіндік ашатын Қазақстанды нығайту. Біз әр азаматтың үні естілетін, мүддесі еленетін қоғам қалыптастыруды көздейміз», – деді ол.

Кенжехан жаңа Конституция қабылданғаннан кейін ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл кезеңде азаматтардың жауапкершілігі арта түседі.

«Бұл – келешек үшін әрқайсымыз жауапкершілік алатын кезең. Біз нақты шешімдер ұсынып, оларды іске асыруға дайынбыз», – деді бастамашы.

Ол «Әділет» партиясын өзгерісті қалайтын азаматтардың таңдауы деп атап, елді бірге дамытуға шақырды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар