сейсенбі, 14 сәуір, 2026 22:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырып, қашып кеткен

«ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті  5,2 млрд теңге жымқырып, қашып кеткен
istockphoto.com
Тергеу жалғасуда.

Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті А.А.Капеновке қатысты қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану және ақша қаражатын жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

А.А. Капенов қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жүк вагондарын басқару қызметтерін көрсету кезінде байланысы бар компанияларға заңсыз артықшылықтар жасаған.

Салдарынан «ҚазТемірТранс» АҚ-ға 5,2 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілген.

Қазіргі уақытта А.А. Капенов халықаралық іздеуге жарияланған. Сотпен оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Келтірілген залалды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында Бас көлік прокуратурасы «Достық» станциясындағы терминалды сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш жолдаған.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен аталған мүлік мемлекет кірісіне өткізілді.

Тергеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.

Айта кету керек, мүлікті тәркілеу Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын іске асыруға ықпал етеді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар