сәрсенбі, 15 сәуір, 2026 1:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Жүз жұп аяқ киім ұтысқа қойылған": жиылған жұрт бірін-бірі таптап кете жаздады

"Жүз жұп аяқ киім ұтысқа қойылған": жиылған жұрт бірін-бірі таптап кете жаздады
видео скрин
Өскеменде жаңа сауда нүктесі ашылды.

Өскеменде жаңа сауда нүктесінің ашылуына орай «жарнамалық акция» ұйымдастырылып, тегін тамақ таратылып, жүз жұп аяқ киім ұтысқа қойылған. Жиналған халық дүкенге кіреберісте бірін-бірі таптап кете жаздады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Әлеуметтік желілерде үлкен топтың дүкенді басып кіруге тырысқан видеосы кең тарады. Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

Хабарламаға сәйкес, 11 сәуір күні Өскеменде «жергілікті атқарушы органдармен келісілмей, заң талаптарын өрескел бұза отырып6 аяқ киім дүкенінің ашылуы ұйымдастырылған».

Әкімдік мәліметінше, шара барысында тегін палау таратылып, аяқ киімдер төмендетілген бағамен сатылған.

«Осы әрекеттердің салдарынан азаматтардың бақылаусыз әрі ретсіз жаппай жиналуы орын алып, қоғамдық тәртіп бұзылып, адамдардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төнді. Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары жедел түрде тексеру жүргізіп, жиналған материалдарды қарау нәтижесінде 13 сәуір күні ұйымдастырушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды», – деп мәлімдеді әкімдік.

Ұйымдастырушыға 20 АЕК (шамамен 86 мың теңге) көлемінде айыппұл салынғаны нақтыланды. Дүкен иесі камера алдында кешірім сұрады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар