Руханият

"Балам – оның көшірмесі": Абдуллиннің азаматтық некедегі әйелі әншінің алименттен қашып жүргенін айтты

Әнші  2024 жылы әрқайсы 450 млн теңге тұратын екі пәтер сатып алғанү

Өзін белгілі әнші Нұрлан Абдуллиннің азаматтық некедегі экс-әйелімін деп таныстырған Ақмарал Баққараева әртістің миллиондап табатын табысын жасырып, ұлына алимент төлеуден қашып жүргенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.

Баққараеваның айтуынша, Абдуллин онымен 2012 жылы танысып, қыр соңынан қалмай жүріп жүрегін жаулаған. 2018 жылы екеуінің ұлдары – Мұхан Аят Нұрланұлы дүниеге келген. Баласына есімін беріп, 2 жасына дейін жанында болған әнші кейін оларды тастап кеткен.

Ақмарал Баққараеваның сөзінше, әнші  2024 жылы әрқайсы 450 млн теңге тұратын екі пәтер сатып алған.

Әйелдің сөзінше, Абдуллин барынша аз алимент төлеу үшін дүние-мүлкінің бәрін өзгелердің атына жаздырған. Тіпті, сараңдық танытып баласының оқу ақысын да төлегісі келмейді екен.

Әйел әншіден Алматының мәдениет басқармасында жұмыс істегенін, ол жақтағы табысын да жасырып келгенін айтады.