Қоғам

Жаңбыр, дауыл, найзағай: жоғары өрт қаупі сақталады

Солтүстік өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей жерлерде бұршақ аралас қатты жауын-шашын және екпінді жел соғады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz7 Бірқатар өңірлерде синоптиктер тұман, шаңды дауыл және желдің екпіні 15–20 м/с және одан да жоғары болатынын ескертеді.

Елдің оңтүстігі мен батысында кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады. Солтүстікте жауын-шашынның соңы қарға ұласып, көктайғақ болуы мүмкін. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр мен найзағай болжанады.