жексенбі, 12 сәуір, 2026 16:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада тұрғын үй өртеніп, үш бала қаза тапты

Астанада тұрғын үй өртеніп, үш бала қаза тапты
ТЖМ
Өрт Есіл ауданы, Түркістан көшесіндегі тұрғын үйде болған.

Бүгін түнде Астананың Есіл ауданында көпқабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шықты. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды, тағы бір әйел ауыр күйік шалған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Есіл ауданы, Түркістан көшесіндегі тұрғын үйде болған.

“Құтқарушылар келген кезде пәтер толықтай жалынға оранған. Іштен бір әйел шығарылып, дереу дәрігерлерге тапсырылып, ауруханаға жеткізілді. Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы шамамен 40 тұрғын өз бетінше сыртқа шыққан. Өрт толықтай сөндірілді”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Билік өкілдері зардап шеккен әйелге және қаза тапқан балалардың отбасына көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар