бейсенбі, 9 сәуір, 2026 13:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елордада веломаусым қашан басталады?

Елордада веломаусым қашан басталады?
Фото: City Transportation Systems
Астанада веложалдау қызметінің жаңа маусымы 15 сәуірде ресми түрде басталады. Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Астанада веложалдау қызметінің жаңа маусымы 15 сәуірде ресми түрде басталады. Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«15 сәуірде абонемент сатып алу және велосипедтерді пайдалану сағат 09:00-ден бастап қолжетімді.

Веложалдау қызметін пайдалану үшін Velobike.kz сайтында тіркелу қажет. Жеңілдігі бар пайдаланушыларға жеңілдікті растау үшін қайта авторизациядан өту қажет.

Абонемент түрлері, стансалардың орналасуы және басқа да мәліметтермен Velobike.kz сайтында танысуға болады», - делінген хабарламада.

Астанада велоинфрақұрылымды ауқымды жаңарту жоспарлануда. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ және компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қорының қолдауымен іске асырылады және қоғамдық веложалдау қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Жаңғырту аясында 1 300 электрлі велосипед, сондай-ақ желіні 195 велостансаға дейін кеңейту көзделген.

Велошеринг жүйесі елордада 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді және қалалық көлік инфрақұрылымының бір бөлігі. Қазіргі уақытта веложолдау жүйесінде 155 станса және шамамен 750 велосипед бар.

Қосымша сұрақтар бойынша iKomek109 байланыс орталығына хабарласа аласыздар.

Еске сала кетейік, елордада «Нұрлы жол» теміржол вокзалына баратын көше уақытша жабылады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар