Спорт

Балуан Алматбек Аманбек алтын алды

Азия чемпионатында жеңіске жетті.

Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық балуан Алматбек Аманбек алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.

72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы финалда ирандық Мохаммад Резаимен кездесіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Белдесу барысында қарсыласының партердегі қателігін тиімді пайдаланған отандасымыз шешуші ұпайларды еншілеп, құрлық біріншілігінің чемпионы атанды.

Қазіргі таңда грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үш жүлде иеленіп үлгерді. Турнирдің үшінші жарыс күнінде 82 келіде Ибрагим Магомадов қола жүлде үшін белдесуде Қытай спортшысын жеңді. Ал бұған дейін 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов да үшінші орынға ие болған еді.

Сонымен қатар 60 келіде Ербол Камалиев пен 77 келіде Қаһарман Қисметов қола медаль үшін белдесуде қарсыластарына есе жіберіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.