Бақыт Сейдіш Азия чемпионаты финалына шықты
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында 6 сәуірде Бақыт Сейдіш (70 келі) финалға шықты.
Ел құрамасынан алғашқы болып шаршы алаңға Бакыт Сейдіш (70 келі) шықты. Ол қытайлық Алимире Абудурейимумен қолғап түйістірді.
Бақыттың қарсыласы осал емес. 2024 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған еді.
Бірінші раундтан отандасымыз шаршы алаңның ортасын бақылауға алды. Қарсыласының әр қимылын бақылап, қарымта шабуылда нәтижелі қимылдаған Бақыт Сейдіш төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Есеп: 5:0.
Енді ел құрамасынан алты спортшы шаршы алаңға шығады. Алдымен Валентина Хальзова (75 келі) қытайлық Цзыи Баомен кездессе, одан кейін Махмұд Сабырхан (55 келі) моңғолиялық Хархуу Билгуунсайхан, Надежда Рябец (80 келі) үндістандық Пуджа Рани, Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) өзбекстандық Олтиной Сотимбоева, Ертуған Зейнуллинов (65 келі) таиландтық Бунджонг Синсиримен қолғап түйістіреді.
Бүгінгі жарыс күнін соғы жекпе-жекті Төрехан Сабырхан (70 келі) қытайлық Пейчен Ванға қарсы өктізеді.
Сондай-ақ еліміздің ерлер құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), әйелдерде Айгерім Сәттібаева (48 келі) жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Құрлықтық додада ел құрамасынан барлығы 13 боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.