Қарағанды маңында аударылған автобуста зардап шеккендердің басым бөлігі үйіне жіберілді
- авторОймақ
- Бүгін, 11:07
- 28
Қарағанды облысында вахталық автобус қатысқан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің жағдайы нақтыланды.
— 44 пациент тексеруден кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді. Жеті адам стационарда қалып отыр, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, — деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салайық, жол-көлік оқиғасы Қарқаралы ауданында, Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде болған. Ішінде 50 жұмысшысы бар вахталық автобус аударылып кеткен.
Оқиға салдарын жоюға құтқарушылар, медицина қызметкерлері және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Зардап шеккендердің бір бөлігі Қарағанды қаласының медициналық мекемелеріне, сондай-ақ Ботақара кентіндегі ауруханаға жеткізілді. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






