Түркістан облысында екі жасар бала суға батып кеткен
Іздестіру жұмыстарына 250 жуық адам тартылды.
Түркістан облысы Сайрам ауданы Машат ауылындағы Машат өзенінде суға кеткен 2024 жылы туған бүлдіршінді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, 31 наурыз күні сағат 18:00 шамасында 2 жасар бала ойнап жүріп, суға құлап, батып кеткен.
Жалпы іздестіру жұмыстарына 250 жуық адам, 14 техника, 2 жүзу құралы, ТЖМ 1 кинологиялық есебі мен ұшқышсыз ұшу аппараты және 1 спутниктік байланыс құралы тартылған.