жұма, 3 сәуір, 2026 17:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Салтанат ісі: Байжановқа қатысты үкім қайта қаралады

Салтанат ісі: Байжановқа қатысты үкім қайта қаралады
Жоғарғы сот
Сот отырысы 2026 жылдың 14 мамырына белгіленген.

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша Бақытжан Байжановқа шығарылған үкім Кассациялық сотта қайта қаралады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Кассациялық соттар департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс қазіргі таңда сот өндірісінде.

"Қорғаушылардың шағымдары негізінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотынан Бақытжан Байжанов пен Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс материалдары сұратылды. Байжановқа қатысты сот актілері қайта қаралуға жатады. Ал Бишімбаев пен оның адвокаттарынан кассациялық шағым түскен жоқ", – делінген ресми жауапта.

Сот отырысы 2026 жылдың 14 мамырына белгіленген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ағасы Бақытжан Байжановтың жаза мерзімі амнистияға байланысты қысқартылған болатын. Соның нәтижесінде оның өтелмеген жаза мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн болып белгіленген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар