Қоғам

Нөсер, жаңбыр, желдің күшеюі байқалады: бүгінгі ауа райы болжамы

Бұл туралы "Қазгидромет" ескерту жариялады.

Ел аумағында тұрақсыз көктемгі ауа райы күтіледі: жаңбыр, кей жерлерде нөсер, найзағай және желдің күшеюі байқалады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz "Қазгидромет" РМК мәліметіне сәйкес.

Кей өңірлерде дауыл, бұршақ, тұман болып, дауылды ескерту жарияланды.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +19...+21°C.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +25...+27°C.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +27...+29°C.

03 сәуірде түнде Ақтөбе облысында жаңбыр күтіледі, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

03 сәуірде күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

03 сәуірде күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл, дауыл, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

03 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі облыстың батысында сақталады, облыстың орталығында, солтүстігінде күтіледі.

03 сәуірде түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

03 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

03 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік жартысында тұман күтіледі.

03-04 сәуірде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

03 сәуірде күндіз Ұлытау облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

03 сәуірде түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде  тұман күтіледі.

03 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

03 сәуірде түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

03 сәуірде Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

03 сәуірге түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

03 сәуірде түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

03 сәуірде күндіз, 04 сәуірде тәулік бойы Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с.

03-05 сәуірде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

03-06 сәуірде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.