Көпбалалы ана мас күйдегі адамдарды 400 мың теңгеге сатқан
Абай облысы Аягөз ауданында адам саудасымен айналысқан азаматқа қатысты сот үкімі шықты.
Аягөз аудандық сотында Қылмыстық кодексінің 128-бабы 2-бөлігі 2, 8 тармақтарымен “Алдау, сенімді теріс пайдалану арқылы адамды саудалау, азғырып-көндіру, тасымалдау және беру”бойынша айыпталған Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта хабарланғандай 2024–2025 жылдар аралығында Аягөз қаласының тұрғыны әлеуметтік осал азаматтарды, оның ішінде алкогольдік масаң күйде болған адамдарды әдейі іздеп тауып, олардың сеніміне кіріп, адастырып, психологиялық қысым көрсеткен. Кейін оларды жұмысқа орналастыру сылтауымен шаруа қожалықтарына жіберіп отырған, ал алдын ала төлем ретінде берілген ақшалай қаражатты өз қалауынша пайдаланған.
Іс материалдарымен 5 эпизод анықталған.
Индияда Қазақстан азаматы адам саудасымен айналысты деген күдікке ілініп, қамауға алынды
Е өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді, келтірілген зиянды өтегенін және жәбірленушілермен татуласқанын айтты. Жәбірленушілер оны кешіргендерін растап, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды сұрады.
Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Күдіктілер интернет-ресурстарды пайдаланып, жыныстық қанауға қатысты заңсыз қызмет түрлерін жарнамалап, жүргізген. Олардың әрекеті ұйымдасқан сипатқа ие болып, миллиардтаған табыс әкелген. Алдын ала деректер бойынша, қылмыстық топтың күнделікті табысы 1,5 млн теңгеге дейін жеткен, ал 2024 жылдың басынан бері қаржы айналымы 1,7 млрд теңгеден асқан.