сәрсенбі, 1 сәуір, 2026 11:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Нұрай Серікбайды аяусыз өлтірді деген күдікті жындыханаға жатқызылды

Нұрай Серікбайды аяусыз өлтірді деген күдікті жындыханаға жатқызылды
Фото: Ішкі істер министрлігі
Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өліміне күдікті психикалық орталыққа ауыстырылған. Марқұмның туыстары шешімге күмән келтіріп, күдіктінің “жынды” деп танылуы жазадан құтылудың амалы болуы мүмкін екенін айтады.

Нұрай Серікбайды айуандықпен өлтірді деген күдікті психикалық орталыққа жатқызылды. Бұл туралы марқұмның жақындары мәлімдеді. Олар сап-сау адамның аяқ асты жынды болып қалуы жазадан сытылып кетудің амалы деп топшылайды. 

Марқұм Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбай медициналық анықтама берген дәрігерлерді тексеру керек деп талап етті.

"Біріншісі Шымкентте қаралған еді. Сондағы анықтамада психикалық ауытқуы байқалған деп жазып берген. Біз оған сенбей, Алматыға сараптама талап еттік, ол жаққа барды күдікті, ол жақта да осындай анықтама берді. Енді бұл жерде симуляцияның максималды белгілері көрініп тұр. Өйткені қылмыскер кәдімгі ортада өмір сүріп жүрген адам, кәдімгі сау адам. Естігенім бойынша қазір қылмыскер Шымкент қаласында емес. Ол Талғардағы психикалық емдеу орталығында", – деді Сұлтан Серікбай.

Әзірге құзырлы орган өкілдері осы жайтқа қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар