Спорт

Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында ел қоржынына медаль салды

Астанада өтіп жатқан семсерлесуден (шпага) Әлем кубогында қазақстандық Руслан Құрбанов күміс жүлдегер атанды.

Финалда жерлесіміз Украина құрамасының өкілі Роман Свичкарға жол берді.

Шешуші кездесу 15:12 есебімен Свичкардың пайдасына аяқталды. Осылайша, Руслан Курбанов жарысты екінші орынмен түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Құрбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен болатын.