Батыс Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Олар заңсыз түрде iPhone 15 Pro ұялы телефоны мен ақшалай қаражатты иемденген.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында бірқатар ауыр қылмысқа қатысы бар қылмыстық топты қолға түсірді.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер күш қолданамын деп қорқыту, сондай-ақ бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру қаупін төндіру арқылы бопсалау әрекеттерін жасаған.
Соның нәтижесінде олар заңсыз түрде iPhone 15 Pro ұялы телефоны мен ақшалай қаражатты иемденген.