Спорт

Еркебұлан Тоқтар жеңіліп қалды

Ереванда өнер көрсетті.

Қазақстандық ММА шебері Еркебұлан Тоқтар Hype FC 28 турнирінде (Арменияның Ереван қаласында) өнер көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Токтар қырғызстандық Марсель Нурланбек уулумен жекпе-жек өткізді. Жеңіл салмақта өткен кездесу ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша ұйымдастырылып, нәтижесінде қырғыз спортшысы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Еркебұлан Тоқтартың аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабына келсек, қазіргі таңда оның рекорды — 11 жеңіс және 3 жеңіліс. Соңғы ММА жекпе-жегін ол өткен жылдың тамыз айында өткізіп, екінші раундта ирандық Фарзад Гадериді (19-17) нокаутпен жеңген.

Ал қырғызстандық Марсель Нурланбек уулуның ММА-дегі статистикасы — 14 жеңіс, жеңіліссіз. Ол соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың тамызында өткізіп, өзбекстандық Фарход Эргишбаевты (4-3) нокаутпен жеңген.