Қоғам

Әсет Матаев карантинде отыр

Бұл туралы журналистің адвокаты Рена Керимова мәлімдеді.

ҚазТАГ ХАА бас директоры Әсет Матаев карантинге жабылды. Бұл туралы журналистің адвокаты Рена Керимова мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Желі пайдаланушылары жазба астына қалдырған пікірлерінде журналистке қатысты жазаның дұрыс еместігін айтуда.

"Пікірлерді жаның түршікпей оқу мүмкін емес. Журналистерге де, адвокаттарға да қиянат жасалып жатыр. Медициналық көмек алуға, ауруханаға жатқызуға мұқтаж адамды абақтыда ұстап отыр. Ол жерде науқастың сауығуы үшін ешқандай жағдай жасалмаған.  Бұл адамды аяусыз азаптау десе де болады, өйткені адам жаны қиналып, зардап шегуде", - деп жазды адвокат Сәуле Қобжанова.