Анасы мен қызын өлтірді деген күдікке ілінген ер азамат өзіне қол жұмсаған
Ол тіркелген мылтықпен өзіне оқ атып, көз жұмған.
26 наурызда Қарағандыда 38 жастағы анасы мен кәмелетке толмаған қызының мәйіті табылған еді. Бүгін, 28 наурыз күні осы істе күдікті деп танылған ер адамның өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Қарағандыда 38 жастағы әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген 39 жастағы ер адамның мәйіті Ақтоғай ауданынан табылды. Полиция департаментінің мәліметіне қарасақ, ол тіркелген мылтықпен өзіне оқ атып, көз жұмған.
Еске сала кетсек, бұған дейін біз 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының мәйіті табылғаны жайлы хабарлаған едік. Марқұмдардың денесінде күш көрсеткен зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған.