Халықаралық іздеуде жүрген екі адам ұсталды
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Алматыда төрт күн ішінде полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзудың 1040-тан астам дерегін анықтап, 132 шетел азаматын елден шығарып, мемлекетаралық іздеуде жүрген екі адамды ұстады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұзушылықтардың басым бөлігі елде заңсыз болумен байланысты.
Сонымен қатар, полиция заңсыз көші-қонды ұйымдастыру схемасын әшкерелеп, осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Бұдан бөлек, мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетел азаматы ұсталды.