Қарағандыдағы «Горняк» базарының маңында ер адам өзін-өзі өртемек болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасады.
Куәгерлердің айтуынша, саудагерге өзінің контейнерлерін алып шығуға рұқсат берілмеген. Осыдан кейін базар әкімшілігімен жанжал басталған. Жағдай бақылаудан шығып, 33 жастағы ер адам үстіне бензин құйып, өзін өртейтінін айтып сес көрсеткен.
Соңында «Горнякқа» барлық шұғыл қызметтер жиналды. Ер адаммен полицейлер мен әкімдік өкілдері сөйлесті.
Полицейлердің араласуынан кейін ер адам өзін өртеу ниетінен қайтты.
Осыдан кейін ол әкімдікке жеткізілді, қазіргі уақытта онымен жұмыс жалғасып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






