бейсенбі, 26 наурыз, 2026 18:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елде 28 наурыз күні тегін онкоскрининг өтеді

Елде 28 наурыз күні тегін онкоскрининг өтеді
mz.mosreg.ru
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды өз денсаулығына мұқият қарауға, алаңдататын белгілерді елемеуге және дер кезінде дәрігерге қаралуға шақырады.

Сенбі күні, 28 наурызда Қазақстан Республикасының барлық өңірлік, қалалық және облыстық онкологиялық орталықтарында Бірыңғай ашық есік күні өтеді.

Іс-шара онкологиялық сырқаттанушылық пен өлімді төмендету, сондай-ақ халыққа мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

Бұл күні жетекші онколог дәрігерлер азаматтарды учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз және алдын ала жазылусыз тегін қабылдайды.

Негізгі назар келесі ауруларды ерте анықтауға аударылады:
• жатыр мойны обыры;
• колоректалдық обыр;
• бүйректің қатерлі ісіктері.

Ашық есік күні шеңберінде:
• онкологиялық аурулардың профилактикасы және ерте диагностикасы бойынша консультациялар беріледі;
• алғашқы белгілер түсіндіріледі;
• диагностика мен емдеудің заманауи әдістері туралы ақпарат ұсынылады.

Қатысу: барлық ниет білдірушілер үшін ашық

Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алып келу қажет:
• жеке куәлік;
• бар болған жағдайда – бұрын жүргізілген тексерулердің нәтижелері (УДЗ, КТ, МРТ, медициналық қорытындылар).

Іс-шараның мақсаты – қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтау, өйткені дәл осы кезеңде емдеу ең тиімді болып, өмір сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар