Қоғам

Тауда өмір сүретін жабайы жануарлар Медеу жолдарына түсіп тұрғындарды шошытты

Желіде алматылықтар әдетте тек биікте өмір сүретін, тау сиырларының қалаға жақын көлік жүретін жолға дейін түсіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді.

Тұрғын желіде тау сиырларының тобыры жолдың қақ ортасымен өтіп жатқанын видеоға түсіріп жариялады. 

Желі жұртшылығы да бұл жануарларды қала маңындағы әр түрлі жерлерден көргендерін алға тартты. 

Stan.kz тілшісі осы жайтқа байланысты Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Медеу аудандық бөлімінен пікір сұрады.