бейсенбі, 26 наурыз, 2026 11:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатындар көбейген

Алматыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатындар көбейген
фото: скрин
Қалалық полиция департаменті арнайы рейд жүргізді.

Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері, соның ішінде  көлікті "қауіпті" жүргізу мен «түнгі жарыстардың» саны артқаны анықталды. Бұл туралы Oimaqnews.kz   қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үш күнде 5 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталған

Полиция мәліметінше, соңғы үш күннің өзінде мегаполис көшелерінде 5 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелген.

Олардың ішінде ең өрескелі мыналар:

43 жүргізуші мас күйде (алкогольдік немесе есірткілік) көлік басқарғаны үшін ұсталды;

369 адам көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқарған;

94 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді.

Департамент өкілдерінің айтуынша, жолдағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында нүктелік рейдтік шаралар жүргізілуде. Негізгі міндет – өрескел заңбұзушылықтардың жолын кесу, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және Алматының ең қауіпті учаскелерінде бақылауды күшейту.

Түнгі жарыстар мен қауіпті жүргізу – қатаң бақылауда

Құқық қорғау органдары рейд барысында қауіпті жүргізу деректерін, соның ішінде заңсыз түнгі жарыстарды анықтап, тоқтатқанын мәлімдеді. Кейбір жүргізушілер Әл-Фараби даңғылында сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жарыс ұйымдастырған.

Сонымен қатар, жылдамдықты шамадан тыс асырудың 2 мыңнан астам фактісі тіркелген. Бұл – жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып отыр.

Полиция мәліметінше, кейбір жүргізушілер өз құқықбұзушылықтарын әдейі видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде тарату арқылы жазасыз қалатындай әсер қалыптастыруға тырысады. Алайда мұндай әрбір жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында, заң бұзғандар анықталып, жауапкершілікке тартылады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар