Қоғам

Батыс Қазақстанда дрон құлады

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Батыс Қазақстан облысы аумағында ұшқышсыз ұшатын аппараттың құлағаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде ведомство уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Ақжайық ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылу дерегі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, ұшқышсыз ұшатын аппарат Қарауылтөбе ауылы маңына құлаған. 

Мұндай оқиға облыс аумағында өткен жылы бірнеше рет болған еді.