Саясат
Мемлекет басшысы Константинос Тасуласты тәуелсіздік күнімен құттықтады
- авторОймақ
- Бүгін, 08:49
- 26
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуласты Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Akorda-ға сілтеме жасап.
– Қазақстан мен Грекия арасындағы достық пен өзара ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін атап өткім келеді. Болашақта да сан қырлы ынтымақтастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін беки түседі деп сенемін, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуластың аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал Грекия халқына құт-береке тіледі.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Президент Ерванд Ильинскийге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді
- авторОймақ
- 24 наурыз, 2026






