сейсенбі, 24 наурыз, 2026 13:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда біреу жасөспірімге шабуыл жасп, гитарасын тартып алған

Алматыда біреу жасөспірімге шабуыл жасп, гитарасын тартып алған
видеодан скрин
Полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Желіде Алматыда жасөспірімге жасалған шабуылдың видеосы пайда болды, белгісіз біреу оның гитарасын тартып алған. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  ПД-не сілтеме жасап.

Qumash Telegram-арнасының хабарлауынша, Парковая көшесіндегі дүкеннің жанында белгісіз ер адам 12 жасар балаға тап беріп, гитарасын тартып алған. Анасының айтуынша, шабуылдаушының қолында пышақ болған және ол балаға сонымен сес көрсеткен.

«Сатушы айғайды естіп, далаға жүгіріп шыққан. Ол қашып бара жатқан адамды біреу тоқтатсын деп айғайлаған. Соңында әлгі адам гитараны тастай салып, бой тасалаған», - делінген жарияланымда.

Айта кететін жайт, әйел дәлелдердің аздығынан полицияға жүгінбеген. Оның айтуынша, видеода шабуылдаушының бет-әлпеті көрінбейді.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық объективті мән-жайларын, сондай-ақ инцидентке қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады», - деп атап өтті полициядан.

Оқиғаға Алматы қаласының балалар омбудсмені Диана Ерлан да үн қосты.

«Бала медициналық көмекке мұқтаж емес. Алматы қалалық балалардың құқықтарын қорғау басқармасы тарапынан психологиялық қолдау ұсынылды. Мен баланың анасымен байланыстамын», - деп хабарлады Диана Ерлан өзінің Instagram парақшасындағы stories-те.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар