25 градусқа дейін жылы: мереке күндері Қазақстанда күн райы қандай болады
Синоптиктер 21-23 наурыз аралығында Қазақстанда күн райы қандай болатынын хабарлады.
Метеорологтардың мәліметінше, кей күндері елдің солтүстігінде және оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі күтіледі, ал елдің оңтүстігінде күндізгі сағаттарда найзағай ойнауы ықтимал.
Сондай-ақ республика бойынша тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.
Ауа температурсына келсек, синоптиктердің болжамынша, ел аумағында күн жылынады.
Күндіз батыс өңірлерде ауа температурсы +12…+17°С-қа дейін;
Маңғыстау облысында +18…+23°С-қа дейін;
солтүстік және республиканың орталық бөлігінде +3…+8°С шамасында;
Ұлытауда +15…+20°С-қа дейін;
шығыста +5…+15°С-қа дейін;
оңтүстікте +20…+25°С-қа дейін;
оңтүстік-шығыста +15…+23°С-қа дейін көтеріледі.