бейсенбі, 19 наурыз, 2026 18:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шавкат Рахмоновтың жары ажырасқанын мәлімдеді: желіде қызу талқы басталды

Шавкат Рахмоновтың жары ажырасқанын мәлімдеді: желіде қызу талқы басталды
ашық дереккөз
Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасап, қоғам назарын аударды.

Ол өз жазбасында күйеуімен ажырасқанын хабарлап, балаларға қатысты да ауыр пікір білдірген. Гүлайым Рахмонованың сөзінше, бұрынғы жұбайы балаларынан бас тартқанын меңзеген.

«Балалар ажырасқаннан кейін анасына ғана керек. Бүгін ол бәрібір аналарына ұқсап кетеді деп өз балаларынан бас тартты... Соншалықты қамқор әкенің бір күннің ішінде өзгеріп, балаларын керек етпей қалады деп ешқашан ойламаған едім. Иә, мен 4 бала дүниеге әкелдім және бесіншісін күтіп отырмын... Әкесіне баласы керек болмаса, балаға да әкесі енді керек емес», – деп жазды ол.

Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырып, қызу талқыланып жатыр. Бірі Гүлайым Рахмонованы қолдаса, енді бірі жағдайдың толық мән-жайын білмей тұрып, нақты қорытынды жасауға асықпау керегін айтуда.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова жол-көлік оқиғасына байланысты да ақпарат құралдарының назарында болған.

Қазіргі уақытта Шавкат Рахмоновтың өзі бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар