Жетісу облысында ағайынды жігіттер әкелерін бірнеше рет соққыға жыққан
- авторОймақ
- Бүгін, 14:58
- 134
Жетісу облысының Жансүгіров ауылында отбасылық жанжал ушықты. 62 жастағы ер адам екі ұлы өзін жүйелі түрде ұрып-соғатынын мәлімдеді. Бұл жағдай зардап шеккен қарт адамның басынан өткен сұмдықты баяндаған видеосы жарияланғаннан кейін белгілі болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ақсақалдың айтуынша, оны бірнеше рет соққыға жыққан. Сонымен қатар, ұлдары ақша талап етіп, құжаттарын тартып алған. Жергілікті тұрғындар да бұл қақтығыстардың бірнеше айдан бері жалғасып келе жатқанын растап отыр. Бір жағдайда ер адамның ағасы араша түспек болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жанжал кезінде ол пышақпен жарақаттанған.
Полиция 12 ақпанда қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында зорлық-зомбылыққа зардап шеккен адамның екі ұлының (бірі 31-де, екіншісі 34-те) қатысы бар екені анықталды.
«Құқыққа қайшы әрекеттерді оның екі ұлы жасағаны дәлелденді. Сот үкімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды», - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті.
Сот оларға үш ай бойы әкесіне жақындауға тыйым салды. Қазіргі уақытта ер адамдар қамауда отыр, босап шыққаннан кейін олар профилактикалық есепке алынады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






